Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола полицейлері өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шықты

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 15:26 Сурет: ҚР ІІМ
13 шілдеде жол қозғалысын қадағалау кезінде Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальоны "Тұлпар-603" автопатруль экипажы, Данияр Сақыпов пен Руслан Қасқұлақов кешкі сағат 18.00 шамасында теміржол саяжайлары ауданындағы үйлердің бірі өртеніп жатқанын байқаған.

Полицейлер дереу оқиға орнына қарай бет алды және экипаж жақын жерде болғандықтан, бұл жерге бірінші болып жәрдемге келді.

Куәгерлердің айтуынша, далада жел болғандықтан, ғимараттар арасындағы қысқа қашықтыққа байланысты өрт үйдің жартысын тез шарпыды және моншаға тарады. Бірнеше минут ішінде көршілес саяжайларды да өрт басуы мүмкін еді. Жанып жатқан үйдің жанында қорыққан, шошынған әйел полиция қызметкерлеріне үйдің ішінде балалар бар екенін хабарлаған.

Полиция қызметкері Руслан Қасқұлақов бірден ішке кіріп, бөлмелердің бірінде шамамен 3 және 5 жастағы екі жылап жатқан ұл мен қызды тауып алып, балаларды сыртқа шығарды. Сонымен қатар оның серіктесі Данияр Сакупов көрші үйден үш газ баллонын алып шықты.

Полицейлер мен куәгерлер жанып жатқан үйдің гаражынан көлікті шығарды. Ол да өртеніп кетуі мүмкін еді. Оқиға орнында ТЖД өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: