Атыраулық жүргізушіге Нұр-Сұлтаннан айыппұлдар келіп, алаяқтық анықталды
Pixabay
Атыраулықтың көлігі қылмыстық іс жүріп жатуына байланысты үзақ уақыт бойына айыппұл тұрағында тұрған.
Нұр-Сұлтан қалалық тәртіп сақшылары Toyota Estima жүргізушісін арнайы нұсқаулықпен жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланғаны үшін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz
Тексеру кезінде екі бірдей нөмір анықталды, оның бірі Атырауда кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айып тұрағында тұрғаны анықталды.
- 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап атыраулық көлік автотұрақта тұрған. Ал оған жақында Атырауда тұратын пәтерінің мекен-жайына Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелген айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек келе бастаған. Көлік иесі полицияға арыз жазды, - деп хабарлады елордалық ПД.
Полиция Нұр-Сұлтанда оның "егізі" барын анықтап, айыппұл тұрағына қойды, тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript