Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 15 жасар қыз күйеуге "қашып кеткен"

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 23:32 Facebook
Неке шариғат жолымен тіркелген.

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің қатысуынсыз жасалған.

16 қыркүйекте Бөрлі ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Полиция қызды Орал қаласынан тапты. Кейінірек оның сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен шариғат заңы бойынша заңсыз некеге отырғаны белгілі болды. Неке дегенді сылтау етіп, ер адам 2005 жылы туылған кәмелетке толмаған жасөспіріммен қасақана жыныстық қатынасқа түскен, делінген Бөрлі полиция бөлімінің хабарламасында.

Қыз қара түсті жамығымен бүркеніп, бетін толығымен жауып алған, оған қоса отбасымен барлық байланыстарды үзуге тырысқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 23:32

"Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер" (бес жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық жауапқа тарту қарастырыладыә, деп толықтырды сөзін полициядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: