Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан кішкентай сәби көз жұмды

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2020 19:57 Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам қайтыс болды, оның ішінде емшектегі сәби де бар, деп хабарлайды zakon.kz.

- 12 қараша күні таңғы сағат 9:00 шамасында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 725-ші шақырымында Daewoo Nexia жүргізушісі рөлге ие бола алмай, темір бағанға соғылып, шұңқырға аударылды. Апат салдарынан жүргізушінің үш туысы, оның ішінде емшектегі сәби де сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - дейді полициядағылар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2020 19:57

Полиция бұл фактіні Төлеби аудандық полиция бөлімінің іс жүргізу жөніндегі бірыңғай тізіліме енгізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Түркістан облысының ПД тергеушілері жүргізеді. Сараптама тағайындалды.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Түркістан облысының полициясы азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: