Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында ұлының көлігін аурухана есебінен жөндеткен бас дәрігер сотталды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 17:30 иллюстрация үшін алынды
Әнуарбек Маймақов аурухананың қажеттілігіне арналған 4 миллион 800 мың теңгеге шырша алып, туған ауылына отырғызса, миллионнан астамын ұлының джипін жөндеуге жұмсапты.

Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақов 6 миллион теңгеге жуық қаржыны талан-таражға салғаны үшін 4 жыл 2 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ сол мекеменің бұрынғы бас есепшісі де енді 7 жыл бойы емін-еркін жүріп тұра алмайды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Балаларды емдеу мекемесін басқарып отырған екеу 2018 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың қаңтары аралығында 25 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған екен. Яғни, медицина ғылымдарының докторы әрі бұрын бірнеше жыл Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасын басқарған Әнуарбек Маймақов аурухананың қажеттілігіне арналған 4 миллион 800 мың теңгеге шырша алып, туған ауылына отырғызса, миллионнан астамын ұлының джипін жөндеуге жұмсапты. Ал, бас бухгалтері болса 19 миллион теңгені туған қызы мен сіңлісінің фирмаларына аударып отырған екен. Бюджеттің миллиондарын жымқырғаны үшін жұмсақ үкім шыққанымен бұрынғы бас дәрігер сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Момбек Әмірбеков, Қаратау аудандық сотының судьясы:

- Екі сотталушы да өздерімен келтірілген материалдық шығынды толық көлемде төлеп, Нарбаева өзінің 19 миллионын толық төледі. Сотталған Маймақов 5 миллион 910 мың теңгені төлеп, мемлекеттке келтірген шығынды толық қалпына келтірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: