Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында сегізінші рет үйінен қашқан қыз төрт тәулік ішінде табылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 15:55 Сурет: zakon.kz
Бұл мінез-құлық оның сирек аурумен ауыратындығымен түсіндіріледі, жасөспірім психиатрда есепте тұрады.

Іздеу салынған сегізінші сынып оқушысын Алматы облысының полиция қызметкерлері тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 қарашада Панфилов ауылының 33 жастағы тұрғыны Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, орта мектептің сегізінші сынып оқушысы - 14 жастағы қызының жоғалып кеткенін, оны табуға көмектесуін сұрап, өтініш түсірді.

Бұл факт бірыңғай тізілімге тіркеліп, жоғалған адамға іздеу жарияланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде төртінші күні қашқын қыз Алматы қаласындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінен ізкесушілердің көмегімен табылды, содан кейін ол ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Бір айта кетерлігі, қыздың бұлайша үйінен қашуы бірінші ре орын алып тұрған жоқ, тек осы жылдың өзінде полиция оны жеті рет іздеген. Анасының айтуынша, қыз қыдырғанды жақсы көреді және қиялға берілгіш.

Ата-анасының қатаң бақылауы және ювеналды полиция инспекторларының онымен үнемі жұмыс жасауына қарамастан, ол кішкене мүмкіндікті де пайдаланып, үйден сытылып шығып, қаңғып кетеді. Бұл мінез-құлық оның сирек аурумен ауыратындығымен түсіндіріледі, жасөспірім психиатрда есепте тұрады.

Сыртқы жағынан оның өз құрдастарынан ешқандай айырмашылығы жоқ, ізденімпаз, ұқыпты, көңілді және көпшіл. Қыздың анасы полицияға төзімділігі мен қызын табуға көмектескені үшін алғыс айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: