Алматыда оталған ағаштар ісі бойынша басты жауапты тұлға анықталды
Алматыда оталған ағаштар ісі бойынша сотқа тартылған басты жауапты тұлға анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов онлайн-брифингте мәлімдеді.
Белгілі болғандай, бұл әйел адам, жеке кәсіпкерліктің басшысы, ауданды абаттандыру туралы келісім жасап, жұмысшылар жалдаған. Әзірге, Алматы қалалық ПД өкілі тергеу мүдделеріне сілтеме жасай отырып, оған қатысты жеке бас деректерін жариялаудан бас тартты. 13 ағаш оталды, оның тоғызы Қызыл кітапқа кіреді. Іске бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеуші барлық уәкілетті органдарға тиісті анықтамалар жіберді.
Бастапқыда қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 340 бабы, "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе жою" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Алайда кейінірек бұл іс Қылмыстық кодекстің 339-бабы, "Адамдар тобының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдік түрлерін заңсыз құртуы" бойынша қайта квалификацияланды, - деді Рустам Әбдірахманов.
Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
22 қарашада Әуезов көшесімен қиылыстағы Төле би көшесі 187 үй маңында 13 ағаш оталды, оның тоғызы - емен, екеуі - қарағаш және екеуі - акация.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы сап-сау ағаштардың оталуына назар аударып, қала әкіміне бұл мәселе бойынша қызметтік тексеру жүргізуді тапсырған болатын.