Жаңалықтар тізбегі
0

Астананы абаттандыру бойынша алдағы кезең жоспары белгілі болды

Астананы абаттандыру бойынша алдағы кезең жоспары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 11:32 Сурет: Instagram/jenis_qasymbek
11 маусымда Астанадағы абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістікті ашылды. Биыл барлығы 170 аула менсаябақтар, гүлзарлар, желекжолда абаттандырылады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында айтты.

Бұл ретте, Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Былтыр Ш.Құдайбердіұлы даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралық қамтылған. Биыл Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында бос уақыт өткізуге арналған орындар, спорт алаңы, көгалдандыру, жарықтандыру және т.б. бар. Сондай-ақ, биыл Тәуелсіздік даңғылы мен Амман көшесі арасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылады.

Астананы абаттандыру бойынша алдағы кезең жоспары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 11:32

Сурет: Instagram/jenis_qasymbek

Сол сияқты Тәуелсіздік даңғылының (Ақбұлақ өзенінің жағасынан Б.Момышұлы даңғылына дейін) жаяу жүргіншілер бөлігі қолға алынды. Мұнда жаяу жүргіншілер бөлігін абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру жүргізілуде, даңғыл бойында кедергісіз орта құрылып жатыр. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін көлеңкелі шатырлар да орнатылады.

Бұдан бөлек, осыған дейін сауда орталықтарының құрылысы жоспарланған Тұран даңғылында екі жаңа қоғамдық кеңістік ашылады, Жүргенов көшесінде жасыл желек орнатылады, ал Мыңжылдық аллеясында 70 мың шаршы метр абаттандырылады.

Астананы абаттандыру бойынша алдағы кезең жоспары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 11:32

Сурет: Instagram/jenis_qasymbek

Сондай-ақ, Т.Жүргенов көшесін (Айнакөл көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін), ескі вокзал аумағын және оған іргелес Гете мен Біржан сал көшелері жаңаша түрге ие болады.

"Сонымен қоса, "Жағалау" тұрғын үй кешенін абаттандыру аясында 18 гектар аумақ абаттандырылады", деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек.
Астананы абаттандыру бойынша алдағы кезең жоспары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 11:32

Сурет: Instagram/jenis_qasymbek

Күні кеше Zakon.kz тілшісі Алматыдағы демалыс аймақтары мен жағажайларды қайта құру жұмыстары қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: