АҚШ ғалымдарының зерттеуі. Жасөспірімдердің неге жиі депрессияға ұшырайтыны белгілі болды
Ұлттық ұйқы қоры мамандарының зерттеуі америкалық жасөспірімдердің тек 20%-ы нормаға сай жеткілікті ұйықтап, ұйқысын қандыратынын көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың 73%-ы ұйқының қанбауы өздерінің эмоционалды денсаулығына кері әсер ететінін айтқан. Ұйқысы қанбайтынын көбінесе мектепке нормада белгіленген уақыттан ертерек баратын жасөспірімдер айтады, мысалы, 8:30-дан ерте. Жасөспірімдердің осы санатының ішінде зерттеушілер ұйқысы жеткілікті немесе кейінірек мектепке баратын құрдастарына қарағанда депрессия белгілерінің жоғары деңгейін тіркеді. Сауалнамаға барлығы 1100 жасөспірім қатысты.
Ұйқы жетіспеушілігі психикалық денсаулығына теріс әсері барын ұйқысыздыққа ұшыраған жасөспірімдер де нақтылаған, яғни аптасына екі түннен астам ұйқысын жоғалтқандар. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 54%- ұйқыға кетер алдында бір сағат бұрын әлеуметтік желілерді қопару, телефонды немесе басқа гаджеттерді пайдаланудан бас тартуға дайын емес екенін айтты, тіпті бұл олардың ұйқысын жақсартып, денсаулығына септігін тигізсе де.