Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында 28 жастағы жігіт төрт әйелді пышақтап тастады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2020 22:25 видеодан кадр
Күдікті кетерде газ баллонын ашып, өрт қойған.

Сұмдық оқиға өткен сенбіде Ақмола облысының Бурабай ауылында, Советская көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, ауыр қылмысты жасаған күдікті полицейлерге өзі хабарласыпты.

Тәртіп сақшылары айтылған мекен жайға жеткенде, ер азамат өзге подъездің алдында отырған. Кейіннен ол қылмысын жасаған үш бөлмелі пәтерді көрсеткен. Оқиға орнында полицейлер 4 әйелдің мүрдесін тапқан. Олардың біреуі 70 жастағы пәтер иесі, екіншісі зейнеткердің 41 жастағы қызы мен екі көршісі екені анықталған.

Барлығында да кеуде тұсынан пышақ сұғылған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Гүлнар Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Бурабай ауылының тұрғыны қолға түсті. 28 жастағы ер кісі бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасаған. Бұл қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-шы бабы бойынша іс қозғалған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша қамау изоляторына қамалған.

Қанды оқиға болған пәтерде еденге қадалған пышақ та табылыпты. Сондай-ақ күдікті кетерде газ баллонын ашып, өрт қойған. Соған қарағанда, ол өз әрекетін жасырмақшы болған сыңайлы. 28 жастағы қаскөйдің төрт әйелді не үшін өлтіргені әзірге белгісіз. Жергілікті әкімдіктегілер ол осы уақытқа дейін жалдамалы үйде тұрып келген, дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: