Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыр қылмыс жасап, тығылып жүрген 20 жастағы күдікті Талдықорғанда ұсталды

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2020 22:46 Көліктегі полиция департаменті
Облыстық және аудандық криминалдық полиция жедел уәкілдері күдіктіні Талдықорған қаласында қолға түсірді.

Оқиға 2015 жылдың 5 қаңтарында Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық кентінде орын алған. Алматы облысы Жамбыл ауданының 20 жастағы тұрғыны екі жасөспірімге еш себепсіз пышақ жарақатын салып, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, қылмыс орнынан із суытқан, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тәртіп сақшыларынан бой тасалап жүрген күдіктіге іздеу жарияланып, сот органдары оны қамаққа алу туралы санкция берді. Жедел-іздестірудің кешенді шаралары барысында облыстық және аудандық криминалдық полиция жедел уәкілдері күдіктіні Талдықорған қаласында қолға түсірді. Тергеу кезінде осы уақытқа дейін оның еліміздің әртүрлі аймақтарында тұрғаны және ресми жұмысқа орналасуды талап етпейтін жерлерде жұмыс жасағаны белгілі болды.

"Күдікті облыс орталығына бірнеше күн бұрын ғана келгені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің Алматы мен Алматы облысында ашылмаған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: