Жаңалықтар тізбегі
0

"Оны емші істеген". Астаналық марқұм келіншектің күйеуі мүлде басқаша сөйлеп отыр

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 16:22 Facebook
Сымбат Құлжағарованың қазасын жоқтаушылардың пікірі екіге жарылды.

Өзін өлімге қиған келіншектің оқиғасынан соң интернетте Президент атына онлайн-петиция жүріп жатыр. Онда көпшілік әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатып, көз жұмған Сымбат Құлжағарованың ісіне қатысты тергеу шарасын әділетті жүргізуді талап етеді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

29 жастағы Сымбат Құлжағарова желтоқсанның 10-ы күні елордадағы көпқабатты үйлердің бірінен секіріп өлген.

Дина Смайылова, "НеМолчи" ұйымының жетекшісі:

- Біз нақты дерекке қараймыз. Ол психдиспансерде есепте тұрмаған. Есінен ауысқан деген анықтама жоқ. Полицияда соққыға жығылған деген дерек бар. Күйеуінің ұрғанын айтып шағымданғанын жазған. Ажырасқысы келетінін айтқан. Біз осы дерекке сенеміз.

Екі баланың анасы, марқұм келіншектің қазасынан кейін орнын жоқтаушылар екіге бөлінген. Бір жағы онлайн-петиция ұйымдастырып, қазір 67 мың адамның қолын жинап үлгерген. Қоғамдық ұйым ұйымдастырған онлайн-петиция елдегі отбасылық зорлық-зомбылық туралы заңды қайта қарау керек деген мәселені көтереді. Ал марқұм келіншектің жағдайын соның ішіне бір дерек ретінде ғана келтірген. Бірақ Сымбаттың күйеуі де, анасы да оның психикалық ауытқуы болғанын айтады. Олардың айтуларына қарағанда, осыған дейін де келіншек үш рет суицид жасамақ болған. Одан қалды, әлдебіреулердің, тіпті жоғары лауазымды тұлғалардың ізіне түсіп жүргенін айтатын болған. Жазда бір ай диспансерде жатып шығыпты. Ал денесіндегі көгерген жерлері мен жарақат іздерін күйеуі былай түсіндірді.

Абай Әбдіғаниев, марқұм С. Құлжағарованың күйеуі:

- Анасына қоңырау шалып, аяғы мен денесі неге көгерген деп сұрағанмын. Сөйтсем, ол бір емшіге барып жүрген екен. Онысы тергеу барысында анықталды. Сол емші массаж жасаған. Бірақ оны ұрғам жоқ, қол көтермегем. Бұл таза жала. Енді жарымды, отбасымды жоғалтып жатырмын. Жағдайға ешкім бейтарап қарамады. Барлығы біржақты ғана тыңдады.

Айта кетсек, 2013 жылы Сымбат Құлжағарова "Ұлыбританиядағы Қазақстан аруы" атанған. Лондонда MBA бағдарламасы бойынша оқу бітірген, Экономикалық лицей мен KIMEP университетінің түлегі....

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: