Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде бетінен тартып жіберген бапкерді спортшы қыздың анасы кешірді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 20:59 видеодан алынды
Ол анасымен бірге келіп, бізден кешірім сұрады.

Жарыс кезінде бетінен тартып жіберген бапкерді спортшы қыздың анасы кешірді. Аэлита Илалова ұрып-соғу фактісі бойынша полицияға арызданбауының екі себебін атады, деп хабарлайды zakon.kz Lada.kz-ға сілтеме жасап.

Ол желіде тараған видео көптің талқылауына түсіп, ашуын туғызғанына қарамастан, ер адамды кешірді.

- Мен полицияға арыз жазудан бас тарттым, өйткені, біріншіден, баламды соттан сотқа сүйреп жүргенін қаламаймын. Екіншіден, біз бапкерді кешіруді жөн көрдік. Ол анасымен бірге келіп, бізден кешірім сұрады. Оның балалары, отбасы бар. Біз оның тағдырын бүлдіргіміз келмейді. Сонымен қатар, ол жұмыстан шығарылды. Мен қызыммен сөйлестім, ол бапкеріне енді өкпесі жоғын айтты. Бұл спорт қой, мама дейді. Онымен бірге оқығандардың бәрі бапкерінің ондай оқыс әрекеті сол күні бірінші рет рет көргендерін де айтты. Ол қыздарға айқайлап немесе итеріп жіберуі мүмкін екен, бірақ ешқашан бұлай қол көтермеген, - деді Аэлита Илалова.

Аэлита Илалова оқиғаға түсініктеме бере отырып, жаттықтырушы Азамат Тұрмағамбетовтің жағымды қасиеттерін де атап өтті.

Кейбіреулер кешіргеніміз үшін ақы төледі деп ойлауы мүмкін. Бірақ олай емес, бізге ешкім ақша берген жоқ. Бірден турасын осылай айтайын. Жаңаөзенде спорт залдарына қатысты мәселе өткір, жақсы жаттықтырушылар да өте аз. Азамат жарыстарға арналған үй-жайларды үнемі өзі іздеп жүреді, ол да қыздар да үлкен нәрсені арман етті. Бірақ, өкінішке орай, осы оқиғадан кейін бұл армандардың бәрінің быт-шыты шықты, - деп түсіндірді қыздың анасы.

Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің бастығы Ысқақ Құлатай Азамат Тұрмағамбетовтің тәртіптік комиссияның қорытындысынан кейін No3 мектеп директорының бұйрығымен жұмыстан шығарылғанын айтты. Ысқақ Құлатайдың айтуынша, ата-ана полицияға арыз жазудан бас тартқандықтан, балалармен жұмыс істеуін әрі қарай жалғастыруы әбден мүмкін екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: