Хорватияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

myseldon.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 21:19 myseldon.com
N1 телеканалы 12 жастағы баланың қайтыс болғанын жеткізді.

Хорватияда екінші күн қатарынан қатты жер сілкінісі болды. Қалалар мен ауылдарда, ел астанасы Загребте ғимараттар зардап шеккен, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталықтың хабарлауынша, жер сілкінісі Загребтің оңтүстік-шығысында 46 шақырым қашықтықта болған. Күші 6,3 балға жеткен.

N1 телеканалы 12 жастағы баланың қайтыс болғанын жеткізді.

Зардап шеккендердің көбі Петрин және Сисак қалаларында деп хабарлады Сисак жедел жәрдем көрсету қызметінің жетекшісі Томислав Фабиянич.

Словенияның STA жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, билік еліндегі атом электр станциясының жұмысын уақытша тоқтатқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: