Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап, қармаққа іле бастады

stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2021 21:36 stopfake.kz
Ақша бонустары туралы хабарламалар What ‘ sApp мессенджері арқылы таралуда.

Қазақстанда интернет-алаяқтарға қайта жан бітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жолы олар Halyk Bank атынан төлем карталарының нөмірлерін иемденуде, деп атап көрсетеді stopfake.kz сайты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2021 21:36


Міне, ақша бонустары туралы осындай хабарламалар What ‘ sApp мессенджері арқылы таралуда.

Хабарлама авторлары үш досыңды тіркеп, банк картасының нөмірін жазуды ұсынады, бірақ сайт барлық көрсеткіштер бойынша фишингтік болып табылады, делінген банк хабарламасында.

Halyk Bank-тің өзінде мұндай акциялар қазіргі кезде өткізіліп жатпағаны айтылады.

– Бұл алаяқтар. Оларға деректеріңізбен бөліспеулеріңізді сұраймыз, – дейді банктегілер.

Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен зиянкестер жеке ақпаратты, төлем деректерін иемденеді және құрбандарының жеке аккаунттарына кіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: