Бейтаныс біреуге телефонын бере тұрған ер адам шотындағы ақшасынан айырылды
Pixabay
Ер адам, тіпті өтінішіне жауап берген бейтаныс адамға алғысын білдірген.
Қарағандыда өзге адамның депозитіндегі қаражатты ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, 17 қаңтарда Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол ұялы телефонына мобильді қосымша орнатып беремін деген белгісіз адамға сеніп, ұялы телефонын берген. Ер адам, тіпті өтінішіне жауап берген бейтаныс адамға алғысын білдірген. Біраз уақыттан кейін телефонын бөтенге уақытша ұстатқан адамға оның депозитінен басқа бір шотқа 400 мың теңге аударылғандығы туралы SMS хабарлама келген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 31 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", дейді полициядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript