Жаңалықтар тізбегі
0

Ірі энергетикалық кәсіпорынның экс-басшылары 73 млн теңге ұрлаған

askeri.sud.kz askeri.sud.kz
Оларға 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп, сотқа жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Осылайша, 2016 жылы "АЭЖБ" МҚК (бұрынғы басшысы Қабдолғалиев А.Л. тұлғасында) және "Абзал и Компания-1" ЖШС (бұрынғы директоры Камилов Р.Т. тұлғасында) арасында 53 млн теңгеден астам сомаға релелік жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа қол қойылды. 2018 жылы Маңғыстау облысы бойынша ІМАД-нің жүргізген аудиторлық тексерісіне сәйкес, "Абзал және Компания-1" ЖШС-нің өз міндеттемелерін орындамағанына қарамастан, "АЭЖБ" кәсіпорны оған келісімшарт сомасы мен қосымша 3 000 000 теңгені толық аударғаны анықталды", - делінген ҚР ҚМ ҚМК хабарламасында.

Сондай-ақ 2018-2019 жылдар аралығында осы кәсіпорындардың басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алаяқтық және басқалардың сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу/талан-таражға салу деректері бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т., 190-б. 4-б). Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 73 млн астам теңгені құрады.

Ақтау қалалық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т., 190-б. 4-б. 2-т., 216-б., 2-б. 2-т., 371-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Атап айтқанда, Даулетбақов А.М. - 5 жылға, Камилов Р.Т. - 2 жылға, Қабдолғалиев А.Л. - 2 жылға, Тоғысова Г.К. 7 жылға сотталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: