Қызылордалық жігіт көршісін интернет арқылы тонаған

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 23:20 polisia.kz
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.

Қызылордалық қаскүнем зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Ол өз арызында көршісі - 27 жастағы азаматтың өз аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражатын аударып алғанын айтқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: