Жаңалықтар тізбегі
0

Балқашта педофилдің шағымын сот қанағаттандырмады

lenta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2021 23:48 lenta.ru
Ол темір тордың арғы жағында қалып, 19 жылын сонда өткізетін болды.

Қарағанды ​​облыстық соты жалдамалы пәтерде жеті жасар қызға тиіскен Балқаш тұрғынына қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық оқиға 2019 жылдың қараша айында болған.

Сотталушы досынан дүкенге баруды өтініп, өзі осы кезде оның қызына тиіскен. Заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған жәбірленушінің куәлігі, сарапшылардың қорытындылары және т.б. дәлелдер оның кінәсін растады, деп атап өтті сот.

Ер адам кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты оқытушылық және басқа да лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылады.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының отырысы өтті. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сотталғанға медициналық мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлі емдеу шаралары қажет емес, - дейді баспасөз қызметіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: