Жаңалықтар тізбегі
0

Цой қаза тапқан екі дәрігерге байланысты пікір білдірді

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 22:40 instagram
Министр қазіргі уақытта Семей қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан жедел жәрдем жүргізушісіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында тас жолда болған жол апаты салдарынан екі дәрігер қаза тапты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің атынан және өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан қайтыс болған жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Дәрігер кәсібінің қаншалықты қауіпті екенін осы қайғылы жағдайдан аңғаруға болады. Ауа-райы жағдайларына, шамадан тыс жүктемеге, шаршағандарына қарамастан дәрігерлер өздерінің асыл кәсібіне адал болып қала береді, - деп жазды Цой instagram-да.

Ол науқастың өмірін сақтау үшін аттанған жедел жәрдем бригадасының дәрігері мен фельдшері - Азилханов Болат Капсаметұлы мен Ғабдуллин Бейбіт Төлеуғазыұлының аман қала алмағанын атап өтті.

Орын алған трагедия бізді медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі, олардың әрқайсысының құндылығы туралы бізді тағы бір рет ойлануға мәжбүр етеді. Қазіргі уақытта Семей қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан жедел жәрдем жүргізушісіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, - деп жазады министр
.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: