Шетелдікке жем болған атыраулық келіншек желіде соңғы хатын жариялады
Әбден ашынып, төзімі таусылған Атырау тұрғыны көпшіліктен көмек сұрап, желіде жазба жариялады. Оны ер адамның бопсалап жүргеніне, осымен үшінші жыл болыпты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл менің соңғы хатым! Осыдан соң, егер бұл мәселе шешілмесе, мен өз-өзіме қол саламын немесе Әзірбайжанға барып, Рехманов Гильманды өз қолымен өлтіремін! Бұдан басқа менің амалым қалмады, деп жазды Жұлдыз Қылымова Facebook-тегі парақшасында.
Ол өзінің бұл хатын Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің басшыларына, министрлеріне, елшілеріне, БАҚ-қа, тіпті қылмыс әлемінің серкелеріне арнаған.
Хатта айтылғандай, 2018 жылы екі баласымен ажырасқан келіншек құрылыста жұмыс істейтін әзірбайжан жігіті Рехмановпен танысқан.
Басында дос болдық, телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Кейін достық жақын қарым-қатынасқа ұласты. Гильман Атырауда жалдамалы пәтерде тұрды. Мен кейде екі баламды алып, оған барып тұрдым. Содан соң ол жұмыс барысымен Шымкентке көшіп кетті. Арасында маған келіп тұрды: телефонымның паролын біліп алып, жеке поштамның паролын да өзгертіп тастаған. Ол ондайға барады деген менің миыма, тіптен кіріп-шыққан емес, - дейді келіншек.
2019 жылы наурызда екеуі ұрсысып қалады. Келіншектің айтуынша, өзара кикілжің кезінде жігіт оның телефонын тартып алып, кетіп қалған.
Кейінірек Жұлдыз әлеуметтік желідегі парақшаларының паролын әлдекімнің өзгертіп тастағанын біледі. Бұрынғы жігіті мұны өзі істегенін мойындап, келіншекті бопсалай бастайды. Онда да оның жалаңаш түскен суреттерін желіге саламын деп қорқытқан.
Сол күннен бастап менің әр күнім тозаққа айналды. Ол маған кез келген сәтте телефон соғып: "Сенің мына видеоларыңды желіге салып, көптің алдында масқараңды шығарамын" деп қорқыта-үркіте берді.Мен оның талаптарын орындауға келіскен басты себебім: Instagram-да менің жақын туыстарым көп еді.
Жұлдыз ер адамның өзін видео-бақылауда ұстағанын да айтады.
Ол бәрін видеоға түсірткізді. Тамақ жегенімді, қайда барғанымды, тіпті қызымды сабаққа апарған кезімді де видеоға түсіртті. Бірақ ол осымен тоқталмады, WhatsApp арқылы жыныстық қатынасқа түсуге де мәжбүрледі... Әр күн сайын мен оның айтқандарын екі етпей орындай бердім, тек бір күні желіде масқара жағдай басталмағанша", - дейді хат авторы.
Еркек ақыры шыдамай, Instagram-ға қыздың туған-туыстарымен түскен суретін коллаж ретінде орналастырып, оның ұятсыздығы туралы жазған. Осы жайт келіншектің полицияға арыздануына түрткі болған.
Өз хатында Жұлдыз көпірден секіріп өлмек болғанын жазады, бірақ оны анасы құтқарып қалған. Ол қайта-қайта полицияға шағымданған, бірақ ол өз нәтижесін бермеген.
2019 жылы шілдеде ер адамды полиция ұстайды, бірақ оны босатып жібереді, келіншек арызды кейін қайтарып, оны кешіреді. Бірақ Гильман Рехманов бопсалауын қоймайды.
Ол Instagram-ға менің көршілерімнің, достарымның, ата-анамның, бауыр, сіңілілерімнің суретін жариялады. Көршілерім үйге келу айғай-шу шығарды, олар менің көшуімді талап етті. Шешем мектепте завуч болатын, осы жағдайдан соң жүйкесі сыр беріп, қарапайым мұғалім болып қалды. Ал мен барлығынан үміт үздім, - деп жазады ол.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметі "Мой город" басылымына Гильман Рехмановтың қазір Әзірбайжанда екенін айтқанын.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 1-тармағы, "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір құқықтық көмек алмен байланысты тергеу жүріп жатыр, - деді құзырлы ведомствадағылар.