Түрік азаматы Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлікпен жүр
контактправо.рф
Мәңгілік ел даңғылымен бір жаққа қарай зытып барады.
Көлік рөліндегі мас жүргізуші туралы 102 пультіне куәгерлер хабарлаған екен.
Іздеуге кіріскен полицейлер Toyota Camry мінген түрікті Мәңгілік ел – Ұлы Дала қиылысында тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде спирттің иісі мүңки жөнелді.
Медициналық сараптама орташа дәрежеде мас екенін анықтады.
Түріктің өзі "ішкенім екі бөтелке сыра ғана", деп қояды.
48 жастағы мас жүргізушінің үстінен әкімшілік кодекстің 608 бабымен іс қозғалып, көлігі коммуналдық тұраққа кетті. Әкімшілік сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамалып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript