Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында браконьерлерден 360-тан астам киік мүйізі табылды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 21:17 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Рейд кезінде ВАЗ маркалы 2 автокөлік тоқтатылды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары Атырау қаласының полиция департаментімен бірлесіп өткізген профилактикалық рейдтер нәтижесінде браконьерлерден 360 киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Атырау облысының "Геолог" ауылында болған рейд кезінде ВАЗ маркалы 2 автокөлік тоқтатылды. Бірінші автокөлікті тексеру кезінде 200 дана мүйіз, екіншісінен - 164 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы "сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану"бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Охотзоопром жануарлар мен өсімдіктердің биоалуантүрлілігі мен гендік қорын сақтау мақсатында олардың пайдаланылуын, өсімін молайтуды және жасанды өсірілуін бақылауды және табиғатты қорғауды жүзеге асырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: