Жаңалықтар тізбегі
0

Талғар ауданында полицейлер 3 ай бұрын ұрланған 4 сиырды тауып берді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2021 22:17 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Малды заңды иесіне қайтарды.

2020 жылғы қараша айында Рысқұлов ауылы тұрғындарының жайылымдағы 4 ірі қарасы қолды болғанымен, осы уақытқа дейін өздері іздеген. Таба алмайтынына көзі жеткен соң ғана олар полицияға арыз түсірген. Жоғалған сиырларды жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай ашып, ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Оның 3 ай бойы ұрлаған сиырларын өз малына қосып, қорасында асырағаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 33 жастағы ауыл тұрғынының қорасынан тиісті құжаттары жоқ сиырлар табылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды, деді Талғар АПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.

Сиырларының табылатынынан күдерін үзбеген тұрғындар ақ-адал малдарын тауып берген тәртіп сақшыларына шексіз алғысын білдірді. Олар бөтен қорада тұрған өз сиырларын танып, құжаттарын көрсетіп, үйлеріне алып кетті.

Бізде мал ұрлығына қатысты қылмыстарды болдырмау және оларды ашу ерекше бақылауға алынған. Мемлекет Басшысы да, Министрлік пен Департамент басшылығы да осы проблемаға баса назар аударуды талап етеді. Мал ұрлығының «ізін суытпай» ашуда табандылық танытқан жедел уәкіл полиция майоры Жәнібек Иембердиев пен тергеуші полиция аға лейтенанты Ерасыл Айбекұлының еңбегін атап өткім келеді. Ауыл тұрғындарына малдарын қараусыз жібермеуді және қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертемін, деп толықтырды полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: