ҚТЖ-ға қарасты Балқаш жол дистанциясының бастығы қамауға алынды
pexels.com
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"ҚТЖ" ҰК " АҚ Балқаш жол дистанциясының бастығы ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 10 ақпанда ұсталған. Кейін ол қамауға алынды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Балқаш жол дистанциясы филиалының бастығы тергеу барысында анықталған лауазымды тұлғалармен бірге теміржол төсемелерін күрделі жөндеуден өткізу бойынша жұмыстардың жекелеген түрлерін орындамай, оған бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған Жалпы шығын көлемі 92 миллион теңгеден асады, - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді, - дейді құзырлы ведомствадағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript