Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да екі күнде анықталған 13 мигрант ел аумағынан  шығарылды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 22:27 inbusiness.kz
Қабылдаушы тұлғалар шетелдіктердің келуі туралы, олардың келген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті.

Ағымдағы жылдың 15-19 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 87 шетел азаматтары (ҚР ӘҚБК-нің 517 бабы бойынша) тартылды, оның ішінде 13 – і Қазақстан аумағынан шығарылды, - деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығы Ербол Бекпаев.

Шетел азаматтарының ҚР-да болуы туралы полиция органдарына уақтылы хабарламағаны үшін 94 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК-нің 518 бабы).

"Халықтың көші-қон туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес қабылдаушы тұлғалар шетелдіктердің келуі туралы, олардың келген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті.

Айта кетсек, уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарға еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 8 жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, көші-қон қызметінің қызметкерлерімен заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактісі анықталды, онда жеке тұлға Өзбекстан Республикасының азаматтарын заңсыз тартқан. Көрсетілген бұзушылық үшін жеке тұлға ҚР ӘҚБК-нің 519 бабының 1 бөліміне сәйкес 30 АЕК айыппұл түріндегі, шетелдіктер ҚР ӘҚБК-нің 517 бабының 5 бөліміне сәйкес, шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Семей қаласында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін бір қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген ҚР азаматтары - 8 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ, іс-шара аясында 59 шетелдіктердің құқықтық мәртебесі реттелді.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдіктерге, олардың рұқсат етілген мерзімдері өтіп кеткен болса, өзінің құқықтық мәртебесін реттеу үшін көші-қон қызметіне тұрғылықты жері бойынша баруы қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: