Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда блогер танысы бар дәрігер жұмыстан қуылды

parohod.online, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 20:58 parohod.online
Сот алқасының шешімімен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ.

Алматы қалалық соты науқастың диагнозын көпшілікке жария еткені үшін жұмыстан қуылған дәрігерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот барысында 2020 жылдың 25 мамыры мен 26 маусымы аралығында COVID-19 тесті расталған науқас сүйек-іріңді хирургия бөлімінде емделіп жатқаны анықталды.

Ковид диагнозы расталған соң науқас жеке палатаға оқшауландырылған.

Алайда терапевт бұл науқастың емдеуші дәрігері болмаса да, оның үстіне еңбек демалысында жүрсе де жұмыс орнына келіп, мәліметтер базасына кіріп, науқастың ауруханаға қандай ауруға шағымданып келгенінен бастап, диагнозы және емі туралы деректері бар картасын суретке түсіріп, блогерге береді. Өз кезегінде блогер бұл мәліметті әлеуметтік желіде жариялайды.

Осылайша, сот дәрігердің медициналық құпияны құрайтын ақпаратты жария еткенін атап өтті.

Науқас, өзіне қатысты ақпаратты желіден көріп, медициналық мекемеге шағым түсірді.

Дәрігердің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтамаудың салдарынан науқастың ауруды тарату қаупі болған.

Алайда медициналық құпияны құрайтын мәлімет 2020 жылдың 5 шілдесінде жарияланды, яғни. науқастың сауығып, жазылып кеткен соң: 2020 жылдың 26 маусымы. Оған қоса, сот шағымданушының бөлім басшысына басқаларға қауіпті аурудың таралу қаупін туғызатын науқас жатқанын хабарламағанын анықтады, деп түсіндірді қалалық сот.

Сонымен қатар, заңға сәйкес, қызметкер мемлекеттік құпияларды құрайтын және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткен жағдайда, жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы.

Сондай-ақ жеке медициналық мәліметтерге, медициналық көмекке жүгіну фактісі туралы ақпарат, адамның денсаулығының жағдайы, оның ауруының диагнозы және оны қарау немесе емдеу кезінде алынған басқа мәліметтер, осының бәрі медицина қызметкерінің құпиясын құрайды.

Сот алқасының шешімімен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ. Сот бұл дәрігердің кәсібилігіне ешқандай күмән келтірмейді, бірақ медициналық құпияны жария етуге оның қақысы жоқ, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: