Карантинді бұзған судья да басқалар секілді жауапқа тартылады - Қиясов
видеодан алынды
Ол мұндай жағдайлар қоғам тарапынан кері реакцияға, яғни наразылыққа ие екенін атап өтті.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің той үстіндегі видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл факті бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары сияқты судья да жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдай, негізінен, қоғамға кері әсер етеді. Біз әрбір осындай жағдайға қатысты қажетті шараларды қолданамыз. Негізінен, мен ереже бұзушыларды лауазымына қарап, бөле-жара қарастырмаймын, - деді Қиясов.
Ол мұндай жағдайлар қоғам тарапынан кері реакцияға, яғни наразылыққа ие екенін атап өтті.
Біз де бұл фактіні бассыздық деп санаймыз. Мұндай адамдар, керісінше, елге үлгі көрсетуі керек, - деді бас санитарлық дәрігер.
Бұған дейін желіде облыстық соттың судьясы Естай Исабековтің той үстіндегі видеосы жарияланған. Қарағанды облыстық сотында Исабековке қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript