Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы рельстен шығып кетті
ҚР ТЖМ
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе облысында рельстен шығып кеткен 22 жүк цистернасының 13-і аударылды, деп хабарлайды zakon.kz.
26 ақпанда сағат 11: 55-те Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ұлпан теміржол станциясында 43 тіркемесі бар жүк вагонының 22 цистернасы рельстен шығып, 13 цистерна аударылды, ұзындығы 150 метр теміржол төсемесіне зақым келді, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл оқиға No42 Атырау-Алматы бағытындағы (Ембі станциясында) жолаушылар пойызының кешігуіне әсер еткенін айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта электр қуатын өшіру, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мына саланың қызметкерлері тартылды: Төтенше жағдайлар қызметі (9 қызметкер және 3 техника) және аудандық полиция бөлімі (2 қызметкер және 1 техника), " ҚТЖ" АҚ-тың Қандыағаш және Шалқар станциясынан (қалпына келтіру жұмысына арналған екі пойыз және 49 қызметкер), Қандыағаш қаласы және Шалқар қаласы станциясынан (16 қызметкерден тұратын 2 өрт сөндіру пойызы), жергілікті атқарушы органнан (3 жұмысшы және 2 техника), - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript