Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев кісі өліміне қатысы бар әкімдік қызметкері ісін жеке бақылауына алды

ehonews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 18:52 ehonews.kz
Бұл туралы әкім желіде жазды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ажар Әбдірешеваның күйеуінің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. Бұл туралы әкім әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішімен оның жұбайын өлтіру дерегі бойынша істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қ. Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook-те.

Ажар Әбдірешева Instagram желісі арқылы күйеуі Кенже Байниязовтың өліміне байланысты Алматы қаласы әкіміне видео үндеу жолдады.

Бүгін менің күйеуімді өлтіріп кеткеніне тура 7 күн. Қазіргі уақытта қала әкімдігі өз қызметкерінің кісі өлтіруге қатысы бар екендігіне қатысты ешқандай түсініктеме бермеді, керісінше кісі өлтіруші - С.К.Үметалиевтің кері датамен, яғни 2021 жылдың 18 ақпанда жұмыстан шығарылғаны туралы естіп-біліп жатырмын. Қала әкімдігі, нақтырақ айтқанда кісі өлтірген адам жеке жүргізушісі болып табылатын әкімдіктің бас есепшісі оның қылмысқа қатыстылығын жасыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, делінген видеода.

Ол кісі өлтірген қарудың әлі табылмағанын айтады. Алматы қаласы әкімдігіне тиесілі автокөлік қылмыс орнында болған - кісі өлтірген адам қылмыс орнына қызметтік көлікпен келген, - дейді ол.

Осының өзі, яғни 2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай (кісі өлтіру күні) Уметалиевтің әлі де әкімдіктің қызметкері болғанын дәлелдейтін факті, - дейді әйел.

Осыған байланысты Ажар Әбдірешева әкімдік қызметкерінің ерекше ауыр қылмыс жасағанына, С.Үметалиевтің жұмыстан кері датамен шығарылуына байланысты түсініктеме беруді және ақпаратты жасыру фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізуді сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: