Төрт оқушыны қаққан көлік жүргізушісі абақтыға қамалды
vgr.by
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Алматы облысы Қорам ауылында жол жиегіндегі тұрған төрт оқушы қызды қаққан Уаз көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтасына тоғытылды, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та Уаз автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберіллді, - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.
Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, "Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript