Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақалтыннан 1,5 млрд теңгенің ұрлануы. Күдіктілер ұсталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 22:13 Pixabay
ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу органы тергеу шеңберінде келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Ақмола облыстық полициясы "Қазақалтын" МК" АҚ-тан 1,5 млрд теңгенің ұрлануына қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

23 ақпанда "Қазақалтын" МК" АҚ өкілдері полицияға компанияның есепшотынан 1 миллиард 533 миллион теңгенің жымқырылғанын айтып, арызданды.

Бұл қылмысты ашу үшін криминалдық полиция мен тергеу бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу жедел тобы құрылды. Бұл фактіге сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы, "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ерекше көлемде иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеуі басталды. Бұл бап жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, деп хабарлады полициядағылар.

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда 26 ақпанда екі күдіктіні ұстады, оларға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу органы тергеу шеңберінде келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: