Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушы қыздың бірі көз жұмды

Устинка LIVE Устинка LIVE
Осыған дейін бір апта бойына екі оқушы қыз жансақтау бөлімінде жатқан.

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт оқушы қыздың бірі Шелек аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Суыт хабарды Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Almaty.tv сайтының хабарлауынша, осыған дейін бір апта бойына екі оқушы қыз жансақтау бөлімінде жатқан.

Тоғыз жастағы науқастың жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Тағы біреуі - сегіз жастағы зардап шегуші әлі комада, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Үшінші оқушы ем-дом алуда. Ал төртіншісі аздап шошып қалған. 54 жастағы жүргізуші қамауға алынды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, делінген хабарламада.

2 наурызда кешке 54 жастағы УАЗ жүргізушісі мас күйінде жол шетінде тұрған төрт қызды қағып кетті. Жүргізуші айықтырғышқа, ал қыздар ауруханаға жөнелтілді.

"Көлік құралдарын алкогольдік мас күйде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, байқаусызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны тергеуді жеке бақылауына алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: