Жаңалықтар тізбегі
0

Қаралы қауым АН-26 ұшағы апатынан қаза тапқандармен қоштасты

ҚР ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 23:42 ҚР ҰҚК
Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.

2021 жылғы 15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.

ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 23:42

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында "Бір минут үнсіздік" өткізіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 23:42

Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайларын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 23:42

Алматы қалалық ТЖД-ға 13 наурызда сағат 17:25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен 17:22-де АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, әуежайға шұғыл қонғаны туралы ақпарат келіп түсті. Кейін төрт адамның қаза тапқаны, ал жарақат алған екі әскери қызметкер Алматыдағы No4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: