Жаңалықтар тізбегі
0

Түнде Алматыда жеңіл жүрісті 30 қыз ұсталды

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2021 20:36 Алматы ПД баспасөз қызметі
Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді.

Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында 8 саунаны, спа- салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

СЭС саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар "дене массажы", "СПА-салон" және "сауна" белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450 бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды, - деді, Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Елнұр Кұдретбаев.

Сонымен қатар, спикер жұмысшыларды, сондай-ақ сауналар мен салондарға келушілерді іс-шара нәтижесіндегі құқық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау және олардың жеке тұлғаларын басқа заңсыздықтарға қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында полицияға әкелгенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: