Алматылық үш полиция қызметкері айыппұлды заңсыз есептеді деген күдікке ілінді
platon.asia
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растады.
Алматыда полиция қызметкерлері, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілікті. Олар айыппұлды заңсыз есептен шығарып, мемлекетке 247 млн теңге залал келтірді деп айыпталады, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне растаған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында, үш полиция қызметкері анықталған. Олар 2016-2020-шы жылдар аралығында, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Жол қозғалысын бұзуға байланысты туындаған әкімшілік айыппұлдарды заңсыз есептен шығарған. Енді олардың әрекеті Қылмыстық Кодекстің бірнеше баптары бойынша қаралмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript