Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде құрамында улы зат бар әйнек жуғыш сұйықтық сатылған

Өскемен қалалық ПБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 18:34 Өскемен қалалық ПБ
Тексеру кезінде анықталған метанол мөлшері Қазақстан Республикасында белгіленген ұлттық стандарттар көрсеткішіндегіден 100 есе асып түседі.

Өскемендегі дүкендердің бірінде сатылып жатқан әйнек жуғыш сұйықтан улы зат анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстанның автохимия саласы өндірушілері мен тұтынушылар қауымдастығы" ЗТБ сатып алынған тауар бойынша, яғни әйнек жуғыш сұйықтық құрамын тексеру үшін "ОйлсертИнтернейшил" ЖШС қызметіне жүгінді.

Тексеру барысында сұйықтықтың құрамында 5,09% метанол бар екендігі және кристалдану температурасы минус 15 екендігі анықталды, бұл осы өнімге ұсынылған Қазақстан Республикасында белгіленген ұлттық стандарттар көрсеткішіндегі метанолдың мөлшерінен 100 есе асып түседі.

Дүкенде лицензиясы жоқ, құрамында улы зат - метанол бар әйнек жуғыш сұйықтықтың баламасы сатылды (ҚР Үкіметінің 02.16.2015 ж. No59 қаулысымен метил спирті улар тізіміне енгізілген), - деп хабарлады Өскемен қаласының ПБ баспасөз қызметі.

Дүкенді, сондай-ақ қойманы тексеру кезінде әйнек жуғыш сұйықтығы бар 484 бөтелке табылып, олардың барлығы тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы,1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: