"АрселорМиттал Теміртау" 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Биыл наурыз айында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ конверторлық цехында ластаушы заттардың апаттық жағдайда жаппай ауаға шығарылу фактісі бойынша осы кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақпан айының соңында әлеуметтік желілерде зауыттан қызғылт түтіннің шығып жатқандығы туралы видео пайда болды, ал Қарағанды облысы бойынша экология департаменті атмосфераға ластаушы заттар шығарудың рұқсат етілген нормаларынан елеулі асып кеткендігі тіркегендігін естеріңізге сала кетейік.
Мәселен, тексеру барысында Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің тексеру комиссиясы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнымен бөлінетін газдарды ұстау және тазарту жүйесін пайдалану қағидалары бұзылғанын анықтады. Тексеру барысында, бұл бұзушылық технологиялық жабдықтың қанағаттанғысыз жай-күйінен туындағаны дәлелденді. Осыған байланысты, №2 конвертер ағымдағы жылдың мамыр айына дейін күрделі жөндеуге тоқтатылды.
Зауытты мұқият тексеру зауыттың сегіз цехы бойынша жүргізілгенін атап өткен жөн. Әр түрлі нормативтердің бұзылуы мен асып кетуі олардың жетеуінде: бу айдау, №2 табақша металды илемдеу, агломерациялық, кокстық, сондай-ақ әк күйдіру цехтарында, оттегі-конвертерлік және көмір дайындау цехтарында анықталды.
Жоғарыда аталған барлық фактілер мен экологиялық талаптардың тиісінше орындалмауы ҚР Экологиялық кодексінің 69-бабы 3-тармағының бұзылуына әкеп соқты, онда "Табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады" делінген.
Бүгінгі күні, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнына айыппұл салынды. Бұдан басқа, кәсіпорынға сомасы шамамен 1 млрд.теңгеден асатын залалды өтеу туралы нұсқама жіберілді ( қазіргі уақытта залалды бағалауды есептеу бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде).
Табылған бұзушылықтарды жойғанға дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехтарының қызметін тоқтата тұру бүкіл өндірістің тоқтап қалуына әкелетінін атап өту маңызды, өйткені кәсіпорын циклы тұйық болып табылады және қандай да бір цехсыз жұмыс істей алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорынның вице-президенті Виджай Гоял алдағы төрт жылда шығарындылар көлемін кем дегенде 30 пайызға азайтуға, оларды автоматтандыруды қамтамасыз етуге және үш жыл ішінде Теміртау қаласында 500 мың ағаш отырғызуға уәде берген болатын.