Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда аудандық санитарлық басқарманың қылмысы әшкереленді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 16:14 видеодан алынды
Екі-үш жылдай созылған. Айына 150-200 мыңдай алып тұрған. Ұрланған бюджеттің ақшасы қосымша айлық ретінде бастықтардың қалтасына түсіп отырған.

Алматыдағы аудандардың біріндегі санитарлық-эпидемиология бақылау басқармасы жоқ күзет қызметіне қазынадан жыл сайын миллиондаған қаржы аудартып, оны қалтасына басып отырған. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты дәрігер Қайырғали Көнеев әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайырғали Көнеев, дәрігер:

- Екі-үш жылдай созылған. Айына 150-200 мыңдай алып тұрған. Ұрланған бюджеттің ақшасы қосымша айлық ретінде бастықтардың қалтасына түсіп отырған. Бұл дұрыс емес. Қазір дәрігерлерге үстемақы беруге ақша жетпей жатыр. Сол жаққа жұмсалса адал болар еді.

Заң бұзып алынған ақша бюджетке қайтарылуы керек. Алматылық дәрігер алғашында бұл сорақылықты таныстарынан естіпті. Сосын әңгіменің анық-қанығын білу үшін құзырлы мекемеге хат жолдаған. Жандарбек Бекшин басқаратын қаланың санитария-эпидемиология бақылау департаменті өз кезегінде ақ халаттының күдігін растап, құзырлы орган аталған іс бойынша тергеуді бастап кеткенін жеткізді.

Басы дауға қалған Алатау ауданының санитар мамандары аудан әкімдігінің ғимаратында отырады. Олардың қауіпсіздігін әкімдік қаржыландыратын күзет қызметі қамтамасыз етеді. Бұған біз де көз жеткіздік. Жауапты департамент өкілдері аудан басқармаларының күзетіне жылына 2 миллионнан астам қаражат қарастырылатынын мәлімдеді. Яғни қосымша күзетшілердің қажеті жоқ деген сөз.

Бауыржан Қыдырбайұлы, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Осы жағдайды білген күннен бастап департамент басшысының бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Жиналған барлық мағлұмат ҰҚК мен құзырлы органдарға жолданды. Бұл құзырлы органдар өз тергеп-тексерулерінің қорытындысын бізге жібереді. Содан кейін ғана біз өз құзірет шеңберімізде аталған жағдайға байланысты шара қолданамыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: