Жаңалықтар тізбегі
0

"Бұқар Жырау Тауэрстегі" сойқан. Оқыс оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2021 15:54 zakon.kz
Атыс болатын күні бизнес-класс санатындағы үйдің шаруашылығына жауаптылар онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың рұқсатын сұрамай, жиһазын далаға шығарып тастапты. Содан қып-қызыл жанжал туған.

Алматының полициясын аяғынан тік тұрғызған сенбідегі атыстың себебін оқиға болған "Бұқар Жырау Тауэрс" кешенінің тұрғындары өзінше болжайды. Олардың айтуынша, қырғынға пәтер иелері кооперативі қызметкерлері түрткі болған, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Атыс болатын күні бизнес-класс санатындағы үйдің шаруашылығына жауаптылар онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың рұқсатын сұрамай, жиһазын далаға шығарып тастапты. Содан қып-қызыл жанжал туған. Қанды қырғынға ұласқан қақтығыстың жай-жапсарын тілшіміз білуге тырысты. Кілең бай-бағлан тұратын бизнес-класты «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінің бұл қабаты нағыз соғыс алаңына айналғандай. Айнадағы, есіктегі, қабырғадағы оқ іздері мұнда нағыз қырғын болғанын көрсетіп тұр. Ал оқ жаудырған адам мына пәтерде тұрған. Қазір оны полиция мөрлеп тастады. Көршілерінің айтуынша, бүлікші бұл үйде тоғыз жылдан бері тұрып келген. Тапа-тал түсте күзетшіні атып, күллі тәртіп сақшысын аяғынан тік тұрғызған – Руслан Исаев деген Ресей азаматы. 53 жастағы тұрғын мұнда әйелі, 4 баласымен бірге Дағыстаннан көшіп келген. Оны тоғыз жылдан бері жақсы танып алған көршілері марқұмның өз-өзін ұстай алмайтын, қызуқанды болғанын айтады. Ал сенбі күні пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың кіреберісінде тұрған дивандарын далаға шығарып тастап, жағдайды одан сайын ушықтырды дейді.

Айжан Мұхамедиева:

- Дивандарды кіреберістегі адамдар жүретін жолға қойып тастаған. Біздердің әрі-бері өтуімізге кедергі келтірді. Сондықтан біз шағымдандық. Бірақ оған алдын ала ескерту керек еді. Ал олар айтпастан, өз бетімен далаға шығарып тастады.

Содан қару асынған ол жиһазын жылжытқандарды іздеп күзетке барған. Күзетшінің жауабы ұнамаған соң, аяғынан атып, үйіне кіріп кетіпті.17-қабаттағы пәтерінде бекініп алған азамат бірнеше сағат берілмей, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған. Ақыры келісімге келмей, терезеден секіріп өлді. Пәтер иелері кооперативі марқұмның жиһаздарын далаға шығарып тастағанын мойындап отыр. Алайда атысқа себеп ол емес дейді.

Әлібек Найзабекұлы, шаруашылық меңгерушісі:

- Диван үшін туындады деп ойламаймын. Біреуді атады деп. Ол адамның қанша жерден есі дұрыс болмасын, диван үшін біреуді ататын түсінбеймін. Ол адамдардың бетіне түкіретін, келе жатқан адамның бетіне түкіретін. Сосын қолында қамшысы болатын. Адамды атуға әкелген жағдайы, ол көктемге байланысты деп ойлаймын. Психологиялық ауру деп ойлаймын.

Одан қалды, әйеліне жұдырық жұмсайтын дейді көршілері. Кезекті төбелестен соң әйелі бала-шағасын ертіп төркініне кеткен. Ресей азаматы бұдан бөлек, діни ұстанымына байланысты қыздарын да мектепке жібермей қойыпты. Ал 10 күн бұрын терезесіне Ресей президенті Путинге қарсы ұран ілген. Атыс ашып, артынша 17-қабаттан секіріп өлген азамат расымен жүйке ауруына шалдыққан ба, ол жағы белгісіз. Полиция қазір оның қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: