Танысының тракторын ұрлаған қыз елді шулатты

gorobzor.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2021 15:30 gorobzor.ru
Брусиловский көшесінің бойында жеңіл көлікті қағып, зиян келтірген.

Техникаға құмар бойжеткен елордадағы көлік тұрағынан жүк тиегіш тракторды ұрлап кетті. Ұрлап кеткенімен қоймай, жұртты дүрліктірді, дейді 24.kz.

Ақыр аяғында полицейлер жүргізушінің түнгі уақытта таныс қызын үйіне шақырғанын анықтады. Спирттік ішімдік ішкен ер адам масайып ұйықтап қалған.

Ал бойжеткен көп ойланбастан тракторды мініп кеткен. Сөйтіп Брусиловский көшесінің бойында жеңіл көлікті қағып, зиян келтірген. 25 жастағы бойжеткен ақыры ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның көлік жүргізерге тиісті құжаты да жоқ екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: