Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда элиталы көліктерді ұрлаумен айналысқан ұрылардың серкесі ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2021 23:55 polisia.kz
Бұған дейін күдікті қарақшылық шабуыл, бөтеннің мүлкін ұрлау және қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін төрт рет сотталған болып шықты.

Алматыда элиталық жол талғамайтын көліктерді ұрлаудың ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, автокөлік ұрлаушылар тобының қылмыстық әрекеті өткен жазда тоқтатылған болатын. Сол кезде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылындағы жеке үйлердің бірінің аумағында қаскөйлер ұрланған жол талғамайтын көліктерді жасырып жүрген жер асты бункері табылды.

Қылмыстық іс бойынша басты күдікті – 1988 жылы туған И.есімді азамат, Түркістан облысының тұрғыны сол кезде қашып кеткен және осы уақытқа дейін ол полициядан жасырынып келген. Алайда, жақында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы оны ұстады және қамауға алды. Қазіргі уақытта күдіктіге қымбат көліктерді ұрлаудың жеті дерегі, “Тойота Ленд Крузер” және “Лексус” маркалы көліктер бойынша айып тағылып отыр, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ, спикер күдікті қарақшылық шабуыл, бөтеннің мүлкін ұрлау және қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін төрт рет сотталғанын хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: