Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда аттракционнан ақау шығып, сегіз бала зардап шекті

azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 15:32 azattyq.org
Оқиғаның видеосы интернетте тарап кетті.

2 мамыр кешкісін Оралдағы орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанды. Бақтағы карусель жылдамдығын көбейте бастағанда кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысқан. Оқиғаның видеосы интернетте тарап кетті, деп жазады centralasian.org.

Кейін денсаулық сақтау басқармасы 3-9 жас арасындағы сегіз бала зардап шеккенін хабарлады. Дәрігерлердің сөзінше, балалардың денелері мен бастары жараланып, милары шайқалған. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілгені хабарланды.

Қалалық бақтағы аттракционның иесі саналатын “Джуманджи парктің” өкілі Антон Ротштайнның айтуынша, карусельдегі ақаудың неден болғаны белгісіз. Полиция ақау шыққан карусельді қоршап, арнайы мамандар тексеру жүргізіп жатыр. Аумақтағы басқа аттракциондар жұмыс істеп тұр.

- Оқиға болған соң біздің директор Сергей Судненко сол жерге барып, балаларды ата-аналарымен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлік тексерістің қорытындысын күтіп отырды. Қазір ата-аналарымен байланыста. Ата-аналар балалардың жағдайы жақсы дейді. Балалар қатты жарақаттаныпты, сүйектері сыныпты, ми шайқалыпты деген әңгімелер шындыққа жанаспайды, - дейді Ротштайн.

Ол маусым басталарда барлық аттракциондар тексерістен өткенін, ақау болмағанын алға тартады. Полиция департаменті осы оқиға бойынша "Қауіпсіздік талаптарына сай емес қызметтерді көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: