Алматы тауында екі жас жігіт құтқарылды
2 мамыр күні кешке, Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Үлкен Алматы шыңы ауданында жоғалып кеткен екі жас жігіт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Зардап шеккендерге көмекке РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы жолға шықты. Жедел топ автокөлікпен космостанцияға жетіп, әрі қарай теңіз деңгейінен 3600 метр биіктіктегі шыңға жаяу жүріп шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде, зардап шеккендер шыңның қарама-қарсы батыс жағында, Проходная өзенінің шатқалыннан табылды. Алайда шыңның екінші жағында тұрған РЖҚЖ құтқарушыларының автокөліктеріне жету үшін, қайтадан шыңға көтерілу қажет болды. Ол шыңдарды өткеруге зардап шегушілердің күші болмады, сол себепті құтқару бөлімшесінің командирі өзен шатқалы арқылы түсуге шешім қабылдады.
Қараңғы түсе бастады, ауа-райы нашарлап, қар жауып, жаңбыр жауды. Қараңғы болған кезде тік жерлерде қозғалу аса қауіпті, көріну өте нашар болды. РЖҚЖ құтқарушыларына туристермен бірге тоқтап, таңды күтуге тура келді. Күту кезінде құтқарушылар адасқандарды тамақтандырып, ыстық шай берді.
РЖҚЖ қызметкерлері таң атысымен зардап шеккендерді төменге түсіруге кірісті. Алма-Арасан көлік тұрағына жеткен соң, жігіттер Шекара қызметіне тапсырылды.