Талдықорғанда мас тұрғын полицейді пышақпен жаралады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 21:13 zakon.kz
Полиция қызметкері іш қуысының жарақатымен Талдықорған қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

3 мамыр күні сағат 01:15-те полиция қызметкерлеріне Талдықорған қаласының тұрғынынан автовокзалда масаң күйдегі ер адам жүргені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақырту орнына дереу жеткен Талдықорған қаласы ПБ-нің екі учаскелік полиция инспекторын байқаған күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Құқық бұзушыны қудалау және ұстау шараларын қабылдау барысында Абай - Жансүгіров көшелерінің қиылысында аталған адам полиция қызметкерлеріне суық қаруды қолдана отырып қарсылық көрсете бастаған және ұстау кезінде учаскелік инспекторлардың біріне пышақ жарақатын салған.

Көксу ауданының 23 жастағы тұрғыны болып табылатын күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы-ас үй пышағы, тәркіленді.

Полиция қызметкері іш қуысының жарақатымен Талдықорған қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: