Жаңалықтар тізбегі
0

Риддерде құтқару жұмыстарына 300-ден астам полицей жұмылдырылды

ШҚО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 15:34 ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ағымдағы жылдың 10 мамырында ірі өрт орын алды. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы мен облыстық полиция департаменті бастығының өкімі бойынша ШҚО тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, халыққа көмек көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы минуттан бастап полицейлер құтқарушыларға өртті сөндіру және өрт аймағынан адамдарды эвакуациялау кезінде көмек көрсетеді.

Өрт кезінде тәжірибелі полиция қызметкерлері тұрғындарды жанып жатқан үйлерден эвакуациялауға көмектесті, тұрғындарға үйден кету қажеттілігі туралы хабарлап, әр есікті қағып, қауіпсіз жерге жетуге көмектесті.

Риддер қ. ПБ барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына ауыстырылды және тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция нарядтарының тығыздығы күшейтілді. Түні бойы шағын ауданда патрульдік қызмет экипаждары қойылып, қоршау ұйымдастырылды, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау мен тонаудың алдын алу мақсатында бос тұрған тұрғын үйлерде кезекшілік ұйымдастырылды.

Құтқару жұмыстарына 300-ден астам полиция қызметкері мен 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды. Глубокое және Шемонаиха аудандарының полиция бөлімдері, сондай-ақ ШҚО ПД жедел ден қою арнайы бөлімшесінің жауынгерлері өңірде көмек көрсету үшін өрт орнында.

Сонымен қатар, өрт фактісі бойынша Риддер қаласының полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі ҚР ҚК 204 - бабы 2-бөлігі бойынша-отты абайсыз қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: