Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда түрмеге тоғытылған блогер қайтыс болды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 15:15 Ашық дерекөздерден алынды
Қаза тапқан сотталушының жазасын өтеп жатқанына бар-жоғы 3 жарым ай болған.

Павлодардағы АП-162/4 қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан блогер қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның туыстары әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ол кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз баланы зорлағаны үшін 15 жылға сотталған болатын. Алайда ол сот кезінде өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Алдын ала болжам бойынша, оны сотталушылардың бірі ұрып өлтірген.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мамандарының айтуынша, екі сотталушының арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан, оның соңы өліммен аяқталған. Қаза тапқан сотталушының жазасын өтеп жатқанына бар-жоғы 3 жарым ай болған. Ол сот кезінде қылмысын мойындамаған.

Әділет МҰСТАФИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Зардап шегуші медициналық көмекке, не түрме әкімшілігіне жүгінбеген. Ол алған жарақатынан 9 мамыр күні өз керуетінде жатып, жан тапсырды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы жазасын өтеп жатқан адамның қайтыс болғанын растады. Өлімнің себебін анықтау бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы, прокуратура және өзіндік қауіпсіздік қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: