Ақтөбеде 9-сынып оқушысы мерт болды
diapazon.kz
Қайғылы оқиға 10 мамырда кешке таман болған.
Ақтөбе облысында мотоцикл мінген 9-сынып оқушысы апатқа ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Диапазонның" хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 мамырда кешке таман болған.
Облыстық полиция "Иж Планета-5" мотоциклін тізгіндеген 15 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылғанын атап өтті.
Кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі Бозай ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы ауыл арасы жолымен келе жатқан, бас киімі болмаған, жүргізуші куәлігі де, мотоциклдің мемлекеттік нөмірі де жоқ. Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады құзырлы ведомства.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript