Семейде Шәкәрім даңғылымен жаяу жүрген әйел жазасын алды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 21:45 видеодан кадр
Оқиға орнына Семей қ.ПБ патрульдік полиция экипажы жіберіліп, нәтижесінде 40 жастағы әйел анықталды.

13 мамырда Семей қаласының полиция басқармасы жедел басқару орталығының "102" каналына Жол ережелерін бұзып, Шәкәрім даңғылы бойында жүрген әйел адам туралы хабарлама келіп түсті, осы әрекетімен ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО полициясына сілтеме жасап.

Оқиға орнына Семей қ.ПБ патрульдік полиция экипажы жіберіліп, нәтижесінде 40 жастағы әйел анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, сондай-ақ одан әрі тексеру үшін ол учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Кейін денсаулығын тексеру үшін Семей қалалық медициналық мекемесіне жіберілді.

2021 жылдың басынан бастап Семей аумағында ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін 2 мыңнан астам жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: