БҚО-да мұнайшылар жаппай тамақтан уланды

Ауыр халдегі екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.
БҚО-да Бөрлі аудандық ауруханасына тамақтан уланған бес науқас түсті. Олардың барлығы облыстағы мұнай-газ компанияларының бірінің қызметкерлері, деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасап zakon.kz.
Ауыр халдегі екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Қалған үшеуі жұқпалы аурулар бөліміне орташа ауыр жағдайда түсті. Кейінірек дәл осындай белгілермен ауруханаға тағы бір науқас түсті.
Қазір олардың барлығы орташа ауырлық дәрежесінде, тамақтан улану диагнозы бойынша ем қабылдап жатыр.
Жұмысшылар тамақтанған компания асханасында санитарлық эпидемиологтар тексеру жұмыстарын бастады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript